Сұлтанбек Қожанов пен Сейітқали Меңдешевтің 1924 жылғы ұлттық-аумақтық межелеу жөніндегі ұстанымдары

Authors

  • Бисембайұлы Мирас Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD-докторанты, Алматы, Қазақстан

Abstract

1924 жылғы Орталық Азиядағы ұлттық-аймақтық межелеу саясатының қазіргі Орталық Азия елдеріне ықпалы және қабылданған шешімдердің себептері мен орын алған тарихи шешімдерге баға жеткілікті деңгейде берілмеді. Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасының ыдырауы нәтижесінде орын алған жер мәселесі ұлттық және аграрлы мәселелерді де тудырды. Қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының зиялылары бұл іске араласқан. 1924-1925 жылдары қазақтың жерін қалпына қосу ісінде ең көп көзге түскен азаматтардың қатарына Сұлтанбек Қожанұлы мен Сейітқали Меңдешұлын жатқызуға болады. Олардың көзқарастарын салыстыра талдау мақаланың басты мақсаты мен нысанасына айналды. Саяси қайраткерлердің пікірлері архив құжаттарында табылып, барынша дерекнамалық талдау жасалды. Екі азаматтың пікірлеріне баға беру үшін салыстармалы талдау пайдаланылды. Әртүрлі конференцияларда орын алған сан түрлі пікірлерді талдау үшін жүйелілік-құрылымдық талдау, ал әр оқиғаны тізіп жеткізу үшін мәселелі-хронологиялық талдау қолданылды

Published

2026-07-12

How to Cite

Бисембайұлы Мирас. (2026). Сұлтанбек Қожанов пен Сейітқали Меңдешевтің 1924 жылғы ұлттық-аумақтық межелеу жөніндегі ұстанымдары. Research Retrieval and Academic Letters, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/9047