Криптографиялық псевдокездейсоқ тізбектерді генерациялау алгоритмдерін жетілдірудің заманауи тәсілдері
Keywords:
псевдокездейсоқ сандар генераторы, CSPRNG, DRBG, энтропия, криптографиялық қауіпсіздік, NIST SP 800-90, посткванттық криптографияAbstract
Бұл мақалада криптографиялық псевдокездейсоқ тізбектерді генерациялау алгоритмдерін жетілдірудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Ақпараттық жүйелерде деректерді қорғаудың негізі болып табылатын криптографиялық кілттерді, инициализация векторларын (IV) және «тұздарды» (salt) қалыптастыру тікелей псевдокездейсоқ сандар генераторларының (CSPRNG) сенімділігіне тәуелді. Жұмыста детерминдік кездейсоқ биттер генераторларының (DRBG) заманауи архитектуралары (Hash_DRBG, HMAC_DRBG, CTR_DRBG) зерттеліп, олардың есептеу тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейіне салыстырмалы талдау жасалған. Сонымен қатар, NIST SP 800-90 сериялы стандарттары мен FIPS 140-3 талаптарына сәйкес алгоритмдердің статистикалық сапасы мен болжамдылыққа төзімділігі бағаланды. Зерттеу нәтижесінде кванттық есептеулердің даму қаупін ескере отырып, энтропия көздерін тиімді пайдалану, күйді жаңарту механизмдерін (re-seeding) оңтайландыру және посткванттық криптография талаптарына бейімделу бойынша практикалық ұсыныстар тұжырымдалды. Алынған нәтижелер криптографиялық модульдерді әзірлеу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінде қолданылуы мүмкін.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.