АРПАНЫҢ САБАҚ ТАТ АУРУЫНА ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДА МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОПАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Keywords:
Арпа (Hordeum vulgare L.), сабақ таты (Puccinia graminis), морфологиялық көрсеткіштер, фитопатологиялық бағалау, AUDPC, кутикула, устьица тығыздығы, төзімділік селекциясыAbstract
Зерттеу жұмысында арпа (Hordeum vulgare L.) генотиптерінің сабақ тат ауруына (Puccinia graminis Pers. f. sp. secalis / tritici) төзімділігін айқындаудағы морфологиялық-анатомиялық белгілер мен фитопатологиялық көрсеткіштердің кешенді маңызы қарастырылған. Зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасының зертханалық базасында және провокациялық инфекциялық фонда жүргізілді. Мақалада арпаның 10 сорты мен селекциялық желісінің (Арна, Сауле, Сырашы, Қарабалықты 150, Астана 2000, Ілек 16, Нұр, Ғасыр, Желі-102, Желі-204) эпидермис кутикуласының қалыңдығы, балауыз жабынының тығыздығы, устьицалар саны, паренхима қабырғасының склеренхиматоздану дәрежесі сияқты анатомиялық-морфологиялық параметрлері мен аурудың даму қарқындылығы (Cobb шкаласы), инфекция типі (Stakman шкаласы) және ауру дамуының интегралдық көрсеткіші (AUDPC) арасындағы байланыстар зерттелді. Корреляциялық талдау нәтижесінде сабақ эпидермисінің кутикула қалыңдығы (r = -0.84, p < 0.01) мен балауыз жабынының тығыздығы (r = -0.79, p < 0.01) сабақ татының өршуіне және AUDPC мәніне кері пропорционал күшті байланыста екендігі дәлелденді. Селекциялық тәжірибеге төзімділіктің экспресс-диагностикасы ретінде морфо-анатомиялық маркерлерді пайдалану бойынша ұсыныстар дайындалды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.