Ұлттық бірегейлік: қазіргі Қазақстандағы ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодтың саяси интерпретациясы

Authors

  • Шалтай Еркебұлан Алтынбекұлы Л.Н.Гумилев атындағы, Еуразия ұлттық университетінің, докторанты, саясаттану кафедрасы, Қазақстан, Астана қ.

Abstract

Ұлттық бірегейлік қоғамның тарихи тәжірибесі, мәдени құндылықтары және ортақ саяси кеңістікке тиесілігі туралы түсініктері арқылы қалыптасады.

Ол тек ұлттық ерекшеліктерді сақтаумен шектелмей, тарихи өткенді түсіндіру, ортақ құндылықтарды айқындау және қоғамның болашаққа қатысты бағдарларын қалыптастыру үдерістерімен де байланысты.

Б.Андерсон ұлтты ортақ тиесілік туралы түсініктер негізінде қалыптасатын «елестетілген қауымдастық» ретінде қарастырса, Э.Смит ұлттық бірегейліктің тарихи жады, ортақ мифтер, рәміздер мен мәдени құндылықтармен байланысын негіздейді [1; 2].

Қазақстан жағдайында ұлттық бірегейлік мәселесі тарихи мұраны пайымдау, ұлттық құндылықтардың мазмұнын анықтау және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру үдерістерімен сабақтас.

М.Ларюэльдің Орталық Азиядағы ұлт қалыптастыру саясатына арналған зерттеуі Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті мемлекеттік дискурс, тарихи баяндаулар және қоғамдық түсініктердің өзара ықпалы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді [3]. Бұл ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодтың мазмұнын тек мәдени құбылыс ретінде емес, олардың саяси дискурста берілу ерекшеліктері тұрғысынан да зерттеудің маңызын көрсетеді.

Осыған байланысты мақаланың ғылыми мәселесі қазіргі Қазақстанда ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодтың қандай мағыналар арқылы түсіндірілетінін және олардың ұлттық бірегейлік туралы түсініктермен қалай байланысатынын анықтауға бағытталған.

Мақаланың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодтың саяси интерпретациясын талдау және олардың ұлттық бірегейліктің мазмұнын қалыптастырудағы рөлін айқындау.

Мақалада саяси дискурстық және фреймдік талдау әдістері қолданылады.

Тарихи жад ұлттық құндылықтардың мағынасын түсіндіретін және өткен мен қазіргі қоғамдық-саяси бағдарларды байланыстыратын талдау өлшемі ретінде қарастырылады.

Published

2026-10-26

How to Cite

Шалтай Еркебұлан Алтынбекұлы. (2026). Ұлттық бірегейлік: қазіргі Қазақстандағы ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодтың саяси интерпретациясы. Research Retrieval and Academic Letters, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/9459