ALMA Band 8 деректері бойынша IRAS 07299-1651 массивті қосжұлдызды жүйесіндегі сутектің H25α рекомбинациялық сызығы

Authors

  • Әкімбай Данияр Қайратұлы 2-курс магистранты, Электроника және астрофизика кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Keywords:

массивті жұлдыздардың түзілуі, қосжұлдызды жүйелер, сутегі рекомбинациялық сызықтары, ALMA, IRAS 07299-1651

Abstract

Жұмыста түзілу сатысындағы IRAS 07299-1651 массивті қосжұлдызды жүйесінің ALMA обсерваториясының Band 8 диапазонындағы архивтік деректері талданды. Спектрлік кубтағы кең сызық сутектің H25α рекомбинациялық сызығы ретінде сәйкестендірілді; біздің білуімізше, бұл нысан үшін осы сызық бойынша нәтижелер бұрын жарияланбаған. Жүйенің негізгі құраушысы – A көзінің бағытында сызық профилі қос шыңды және бір Гаусс функциясымен сипатталмайды; екі құраушылы модель профильді едәуір жақсы сипаттайды, ал құраушылардың орта нүктесі басқа рекомбинациялық сызықтар бойынша анықталған A көзінің жылдамдығымен сәйкес келеді. Интегралдық интенсивтілік картасында ықшам көз байқалады; бақылаулардың ажыратымдылығы жүйенің A және B құраушыларын бөлуге жеткіліксіз. Сонымен қатар кубта екі сәйкестендірілмеген тар сызық табылды.

Published

2026-10-26

How to Cite

Әкімбай Данияр Қайратұлы. (2026). ALMA Band 8 деректері бойынша IRAS 07299-1651 массивті қосжұлдызды жүйесіндегі сутектің H25α рекомбинациялық сызығы. Research Retrieval and Academic Letters, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/9462