Арпаның тас қаракүйе ауруына төзімділігін бағалаудың фитопатологиялық әдістері: қоздырғыштың биологиясы, патогенезі және өсімдіктің қорғаныш реакциялары

Authors

  • Тұрсын Ақерке Бахытқызы магистрант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан)

Keywords:

арпа, тас қаракүйе, фитопатология, патогенез, телейтроспора, төзімділік, инокуляция

Abstract

Арпа туыстың құрамында  түр бар, оның  12-сі Қазақстанда кездеседі. Гүл шоғыры күрделі масақ, масақ өсінің әр бір кертпегінде 3 бір гүлді масақша орналасады. Гүлдену барысында өздігінен тозаңданады, тек бір жағдай бар: құрғақ әрі ыстық жаз айының уақытында айқас тозаңдануы мүмкін. Қосқатар арпаның 3 масақшадан тұратын тобы бар, оның тек ортаңғысында  ғана қосжынысты гүл және дән пайда болады, кәдімгі арпада барлық масақшалары гүлдеп дән байлайды.  Арпа ерте пісетін дақылдың түрі болып табылады, дәндерінен сыра ашытылып арпа жарнасы дайындалады, мал азықтық маңызы да зор. Қаракүйе ауруларының ішінде тас қаракүйе дән түзілетін генеративтік мүшелерді тікелеей зақымдап, тұқымның фитосанитарлық жағдайына бірқатар қауіп төндіреді. Арпаның тас қаракүйесін Ustilago hordei қоздырады. Бұл ауруды Ustilago nuda тудыратын тозаңды қаракүйемен немесе Ustilago nigra туыдыратын қара күйемен шатастыруға болмайды. Олардың инфекциялық биологиясында және диагностикасында айырмашылықтар бар. Тас қаракүйе кезінде қоздырғыш өсімдікті негізінен өскін сатысында зақымдайды, ал айқын белгілері масақ қалыптасқанда байқалады.

Published

2026-10-26

How to Cite

Тұрсын Ақерке Бахытқызы. (2026). Арпаның тас қаракүйе ауруына төзімділігін бағалаудың фитопатологиялық әдістері: қоздырғыштың биологиясы, патогенезі және өсімдіктің қорғаныш реакциялары. Research Retrieval and Academic Letters, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/9474