ИНТЕРНЕТ-ЖАРНАМАДАҒЫ ВИЗУАЛДЫ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ДИЗАЙН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Authors

  • Қанапия Диана Қуатбекқызы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының «7M02102 – Дизайн» білім беру бағдарламасының магистранты
  • Наурызбаева Айнаш Сагатовна PhD докторы, доцент.

Keywords:

интернет-жарнама, визуалды коммуникация, графикалық дизайн, цифрлық жарнама, визуалды бейне, типографика, дизайн тенденциялары, жарнамалық өнім

Abstract

Бұл мақалада интернет-жарнамадағы визуалды коммуникацияның заманауи дизайн тенденциялары, олардың жарнамалық өнімнің визуалды бейнесін қалыптастырудағы рөлі және коммуникациялық тиімділігі ғылыми тұрғыдан талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – цифрлық ортадағы графикалық дизайн шешімдерін жүйелеу және олардың аудитория назарын аударудағы қызметін бағалау. Зерттеу барысында визуалды-контенттік талдау, салыстыру және жүйелеу әдістері қолданылды. Мақалада типографика, түс, композиция, анимация және интерактивті элементтердің цифрлық жарнамадағы рөлі қарастырылып, дәстүрлі жарнамадан айырмашылықтары айқындалады. Әлеуметтік желілердегі, баннерлік және мобильді жарнама форматтарының визуалды ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалады. Сонымен қатар, Қазақстандық нарыққа тән визуалды коммуникацияны бейімдеу (көптілділік, ұлттық мәдени кодтар, кирилл қаріптері) мәселелері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде жарнама дизайнерлері мен цифрлық маркетологтарға арналған интернет-жарнаманың визуалды бейнесін жобалаудың жүйелі практикалық ұсыныстары мен өлшемдері әзірленді. Ұсынылған жіктеулер мен модельдер цифрлық медиадағы жарнамалық коммуникацияның сапасын арттыруға негіз бола алады.

Published

2026-10-26

How to Cite

Қанапия Диана Қуатбекқызы, & Наурызбаева Айнаш Сагатовна. (2026). ИНТЕРНЕТ-ЖАРНАМАДАҒЫ ВИЗУАЛДЫ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ДИЗАЙН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ. Research Retrieval and Academic Letters, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/9480