Цифрлық медиа кеңістіктің жаңа парадигмасы және фактчекинг мәселесі
Keywords:
жасанды интеллект, фактчек, дипфейк, контент, цифрлы журналистика, инфографикаAbstract
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы журналистиканың институционалдық құрылымын, ақпарат өндіру тәсілдерін және аудиториямен байланыс орнату тетіктерін түбегейлі өзгертті. Дәстүрлі редакциялық сүзгілердің рөлі әлсіреп, әлеуметтік желілер, видеохостингтер, мессенджерлер мен цифрлық платформалар ақпарат таратудың негізгі арнасына айналды. Бұл процесс ақпарат өндірушілер санын арттырғанымен, жарияланатын мазмұнның тексерілу деңгейін біркелкі етпеді. Генеративті жасанды интеллект пен дипфейк технологиялары визуалды және аудиалды шынайылықты бұрынғыдан жоғары деңгейге көтерді, соның нәтижесінде аудиторияның сенімді дереккөз бен манипуляциялық контентті ажырату қабілеті сынаққа ұшырады.
Мақалада цифрлық медиа кеңістіктің жаңа парадигмасы теориялық тұрғыдан сипатталады, Қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі нақты дипфейк кейстері талданады, фактчекинг құралдары қызметіне қарай жіктеледі, әр құралдың мүмкіндіктері мен шектеулері ғылыми тұрғыдан бағаланады. Сонымен қатар қазақстандық редакциялар үшін кешенді тексеру моделі ұсынылады. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері келтіріліп, медиасауаттылықты жүйелі түрде дамыту қажеттілігі негізделеді. Зерттеу қорытындысында фактчекингтің тек жалған ақпаратпен күресу құралы ғана емес, қоғамдық сенімді сақтаудың негізгі тетігі екені дәлелденеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.