«ТҰРАНБИКЕ» АҢЫЗЫН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

Authors

  • Ембергенова Гулсимай Аскаркызы
  • Тулекова Гулжан Қажымұратқызы ф.ғ.к қауымдастырылған, профессор

Keywords:

Тұранбике аңызы, мектеп бағдарламасы, педагогикалық мән, этнопедагогика, ұлттық тәрбие

Abstract

Бұл мақалада «Тұранбике» аңызын мектеп бағдарламасына енгізудің педагогикалық мәні қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – аңыздың тәрбиелік, танымдық және әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау. Мақалада ұлттық әдеби мұралардың оқушының рухани дүниесін байытудағы, тарихи санасын қалыптастырудағы және ұлттық құндылықтарды меңгертудегі рөлі талданады. Сонымен қатар, аңызды мектепте оқыту мәселесінің ғылыми дискурсы, этнопедагогикамен байланысы және зерттеушілердің көзқарастары сараланады. Жұмыста отандық және шетелдік ғалымдардың фольклорды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану туралы пікірлері негізге алынады. Сондай-ақ аңызды оқытудағы әдіснамалық ұстанымдар, тиімді әдістер мен практикалық қолдану жолдары көрсетіледі. Мақалада фольклорды оқытуға қатысты сындарлы пікірлер де қарастырылып, оларды шешудің әдістемелік жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде «Тұранбике» аңызы мектеп бағдарламасында ұлттық тәрбие мен тұлғалық дамуға қызмет ететін маңызды мәдени-педагогикалық ресурс екені тұжырымдалады.

Published

2026-05-10

How to Cite

Ембергенова Гулсимай Аскаркызы, & Тулекова Гулжан Қажымұратқызы. (2026). «ТҰРАНБИКЕ» АҢЫЗЫН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ . Scientific Research and Experimental Development, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/8586