АЛМҰРТ СОРТТАРЫН ОҚЫТУДА ОҚУ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., профессор м.а., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы
  • Дәнебек Ақерке Бердібекқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан, Қазақстан Республикасы

Keywords:

алмұрт сорттары, Pyrus L., электрондық оқу құралы, ауылшаруашылық селекциясы, биологиялық ерекшеліктер, селекциялық бағалау, педагогикалық эксперимент, зерттеушілік дағдылар, тәжірибелік оқыту, агробиологиялық білім беру

Abstract

Мақалада «Алмұрт (Pyrus L.) сорттарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және селекциялық бағалау әдістемесі» тақырыбында әзірленген электрондық оқу құралын оқу үдерісінде қолданудың тәжірибелік нәтижелері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – алмұрт сорттарын оқытуда электрондық оқу құралын қолданудың тиімділігін анықтау және оның білімгерлердің теориялық біліміне, аналитикалық ойлауына, практикалық дағдылары мен зерттеушілік құзыреттеріне әсерін бағалау. Зерттеу жоғары оқу орнының 3-курс білімгерлері арасында жүргізілді, зерттеуге 42 білімгер қатысты. Негізгі зерттеу әдісі ретінде педагогикалық эксперимент қолданылды. Эксперимент барысында электрондық оқу құралы оқу бағдарламасына енгізіліп, білімгерлердің когнитивтік, аналитикалық, практикалық және зерттеушілік критерийлер бойынша нәтижелері салыстырылды. Зерттеу нәтижелері электрондық оқу құралын қолдану білімгерлердің алмұрт сорттарының биологиялық ерекшеліктерін меңгеру деңгейін, селекциялық бағалау жүргізу қабілетін және тәжірибелік-зерттеушілік әрекеттерін айтарлықтай арттырғанын көрсетті. Алынған нәтижелер электрондық оқу құралдарының ауылшаруашылық селекциясы пәндерін оқытудағы ғылыми-әдістемелік тиімділігін дәлелдейді

Published

2026-05-10

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Дәнебек Ақерке Бердібекқызы. (2026). АЛМҰРТ СОРТТАРЫН ОҚЫТУДА ОҚУ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР. Scientific Research and Experimental Development, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/8624