ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ОҚУ-ДАЛА ПРАКТИКАСЫ: КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Keywords:
оқу-дала практикасы, цифрлық орта, электрондық оқулық, кәсіби даярлық, биология білімі, цифрлық технологиялар, зерттеушілік дағдылар, практикалық оқыту, білімгер, педагогикалық экспериментAbstract
Мақалада цифрлық орта жағдайында оқу-дала практикасын ұйымдастырудың білімгерлердің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу барысында оқу-дала практикасын электрондық оқулық негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері талданып, оның білімгерлердің теориялық білімін, практикалық-зерттеушілік дағдыларын, цифрлық сауаттылығын және кәсіби рефлексиясын дамытуға әсері анықталды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында жүргізілді. Зерттеуге биология бағыты бойынша білім алатын 1-2 курс білімгерлері қатысты. Эксперименттік топта электрондық оқулық қолданылып, бақылау тобында дәстүрлі оқыту тәсілдері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологияларды оқу-дала практикасына кіріктіру білімгерлердің кәсіби даярлығын арттыруда тиімді педагогикалық құрал екенін көрсетті
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.