ҚАРА ЖАҢҒАҚТЫҢ (JUGLANS NIGRA L.) ЭКО-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., профессор м.а., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы
  • Маулен Биганым Қожахметқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан, Қазақстан Республикасы

Keywords:

қара жаңғақ, Juglans nigra L., эко-биологиялық зерттеу, дендрология, электронды оқу құралы, зерттеушілік құзыреттілік, педагогикалық эксперимент, биологиялық білім беру, фенологиялық бақылау, интродукциялық өсімдіктер

Abstract

Мақалада қара жаңғақтың (Juglans nigra L.) эко-биологиялық зерттеулерін оқу үдерісіне енгізудің әдістемелік негіздері қарастырылған. Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің биология бағыты бойынша 3-курс білімгерлері арасында жүргізілді. Зерттеуге 38 білімгер қатысты. Зерттеу барысында «Дендрология: интродукциялық ағаш өсімдіктерінің морфо-биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі» атты электронды оқу құралы қолданылды. Негізгі зерттеу әдісі ретінде педагогикалық эксперимент пайдаланылды. Эксперимент нәтижелері электронды оқу құралын қолдану білімгерлердің теориялық білімін, дендрологиялық талдау дағдыларын, экологиялық интерпретациясын, фенологиялық бақылау жүргізу қабілетін және зерттеушілік белсенділігін арттырғанын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде қара жаңғақ негізіндегі эко-биологиялық зерттеулерді оқу үдерісіне енгізудің білімгерлердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастырудағы тиімділігі анықталды

Published

2026-05-10

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Маулен Биганым Қожахметқызы. (2026). ҚАРА ЖАҢҒАҚТЫҢ (JUGLANS NIGRA L.) ЭКО-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ. Scientific Research and Experimental Development, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/8630