БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., профессор м.а., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы
  • Жұмағали Меруерт Талғатқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы

Keywords:

биотехнологиялық ұғымдар, электрондық оқу құралы, цифрлық білім беру, TPACK моделі, биологиялық білім беру, электрондық ресурстар, цифрлық құзыреттілік, виртуалды зертхана, мультимедиялық технологиялар, биотехнологияны оқыту

Abstract

Мақалада биотехнологиялық ұғымдарды қалыптастыруда заманауи электрондық ресурстардың педагогикалық әлеуеті қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты – биологиялық білім беру процесінде электрондық оқу құралын қолданудың тиімділігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу және оның білімгерлердің пәндік, технологиялық және зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуға әсерін анықтау болды. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-курс білімгерлері арасында жүргізілді. Зерттеуге 38 білімгер қатысып, эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Эксперименттік топта биотехнология бөлімін оқыту барысында арнайы әзірленген электрондық оқу құралы қолданылды.
Зерттеу барысында P. Mishra және M. Koehler ұсынған TPACK моделі әдіснамалық негіз ретінде пайдаланылды. Бағалау пәндік-мазмұндық, педагогикалық-танымдық, технологиялық және интегративтік критерийлер бойынша жүргізілді. Нәтижелер эксперименттік топта барлық көрсеткіштердің айтарлықтай артқанын көрсетті. Әсіресе технологиялық критерий бойынша көрсеткіш 26,3%-дан 84,2%-ға дейін, ал пәндік-мазмұндық критерий бойынша 26,3%-дан 78,9%-ға дейін өсті. Зерттеу нәтижелері электрондық оқу құралының биотехнологиялық ұғымдарды тиімді меңгертумен қатар, білімгерлердің цифрлық сауаттылығын, зерттеушілік белсенділігін және оқу мотивациясын дамытуға ықпал ететінін дәлелдеді.

Published

2026-05-10

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Жұмағали Меруерт Талғатқызы. (2026). БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ. Scientific Research and Experimental Development, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/8631