Ж.ШАМҰРАТОВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ МОТИВІ ЖӘНЕ ЗАМАНДАС БЕЙНЕСІ
Keywords:
жатсыну, жалғыздық мотиві, қазіргі қазақ прозасы, дәстүр мен жаңашылыдықAbstract
Мақалада жазушы Жадыра Шамұратованың «Секундтар арасындағы шексіздік» кітабына енген әңгімелері мен хикаяттарының тақырыптық, көркемдік ізденістері, жас қаламгердің прозадағы өзіне тән баяндау стилі талданады. Жазушының прозасындағы жалғыздық мотиві, оның ғылыми негіздері айқындалды. Жалғыздық, жалғызсырау, жатсыну ұғымдарының жазушы әңгімелеріндегі көріністеріне мән беріліп, талдау жасалды. Прозадағы замандас бейнесі, қоғам келбетін ашудағы психологизм, сана ағымы, т.б. қолданудағы жазушылық шеберлігіне тұжырымдар жасалды. Жазушы әңгімелерінің поэтикасы, сюжеттік, композициялық құрылымдық ерекшелігі, кейіпкерлер жүйесі, ұлттық дүниетаным құндылықтардың авторлық тұрғыдан көрініс табуы сөз болады.
Мақаланың міндеті жас қаламгер Ж.Шамұратованың жинағына енген әңгімелерінің көркемдік-эстетикалық, танымдық әлемін тану, қазіргі әдеби процеспен тығыз бірлікте қарастыру.
Ғылыми зерттеудің мақсаты жоғарыда аталған міндеттерді шешуі үшін, жазушы әңгімелерінің мәтіндік құрылымы, мазмұндық негізіне талдау жүргізе отырып, жазушы көтерген мәселелердің қазіргі қоғамдағы өзектілігі, адамның ішкі психологиялық әлемі мен сыртқы форма арасындағы көркемдік эстетикалық таным арқылы сарапқа түскен өмір шындығын жеткізудегі авторлық шеберлігін танытуды көздейді.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні жаңа ғасырдағы қазақ прозасының даму бағдарын айқындау, әдеби өлкетану мәселелерін зерттеуге аз да болса, үлес болып қосылады.
Мақаладағы қазіргі қазақ прозасын жаңаша талдау, жаңа заман әдебиетіндегі проза жанрының даму бағдары, реализм мен постмодернизм аралығындағы мәдени-тарихи кеңістік, автор туындыларының көркемдік жүйесі, дәстүр мен жаңашылдық, постмодернистік бағыты, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктері, туындының иедялық-эстетикалық мазмұнын ашу зерттеу жұмысының құндылығы бағдарын көрсетеді
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.