Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ-орыс тілдерінің өзара ықпалдастығы
Abstract
Тіл – ұлт болмысының көрінісі, ұлттық ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы – өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет етеді.
Тіл – рухани барлық құндылықтың негізі болғандықтан, әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып, оны одан әрі өркендетуге, қоғамдық қызметін сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар осы мақсаттағы іс-шараларының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне, демек мемлекеттік тілдік саясат пен бағдарламаларға тікелей байланысты. Ал кез келген тілдің даму жолы мәдени-тарихи мазмұнды құрай отырып, әрбір ұлттық ділді (менталитетті) басқалардан ерекшелейді. Әлемдік өркениеттегі кез келген мәдениет адам қолымен жасалған құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс (процесс) ретінде таныла алмайды. Қай ұлттың болсын мәдениеті сол елдің сан ғасырлық қоғамдық-әлеуметтік дамуының негізінде қалыптасып, өркендейді. Тілді ұлттан, ұлтты тілден, айналып келгенде, тілді ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік ортадан, қоғамдық қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін еместігі сондықтан [1, 23].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.