Химия сабақтарында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру стратегиялары
Keywords:
инклюзив, химия, білім беру, әдістеме, психологияAbstract
Инклюзивті білім беру – қазіргі білім саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі. Оның негізгі мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде әрбір оқушының ерекшелігін ескеретін, қолжетімді әрі кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру. Әсіресе орта мектеп деңгейінде Жаратылыстану ғылымдары, соның ішінде химия пәні, мазмұнының теориялық күрделілігі мен тәжірибелік сипатынан туындайтын ерекше қиындықтарды қамтиды. Сондықтан оқу бағдарламаларын бейімдеу мен оқыту әдістемелерін өзгерту – мүмкіндігі шектеулі оқушылардың пәнді тең деңгейде меңгеруіне жағдай жасау үшін қажетті қадам. Бұл педагогикалық тәжірибені шынайы инклюзивті мүмкіндіктерге айналдырады. Әсіресе химия секілді тәжірибелік және күрделі пәнді оқытуда мұғалімнің кәсіби, психологиялық және әдістемелік дайындығы маңызды рөл атқарады.
Осы мақалада болашақ химия мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында даярлау ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі – инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа модельдерін, әдістерін және құралдарын әзірлеу қажеттілігімен айқындалады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.