Электрондық кітапхана: тұжырымдамалық негіз

Authors

  • Көлбаев Нұрболат Шағыманұлы Әл-Фараби ат. ҚазҰУ докторант (Қазақстан, Алматы қаласы)

Abstract

Электронды кітапхана және оның қызметтері туралы елімізде зерттеулердің жоқтығын ескере отырып, негізінен шетелдік ғалымдар жазған 70-тен астам басылымдарға талдау жасалды.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және XX ғасырдың соңында біздің ғаламшардың миллиондаған тұрғындарына қолжетімді болған ғаламтор (интернет) коммуникацияны жаңа деңгейге шығарды және жаһандану үдерістерінің жеделдеуіне алып келді. Атап айтқанда, бұл электрондық қызметтердің жаңа түрлерінің [1], ашық еңбек нарығының, бұқаралық ынтымақтастықты (mass-collaboration) және ұжымдық ақыл-ойды пайдалануға негізделген жаңа өндірістердің  (peer-to-peer production), пайда болуымен, материалдық игіліктерді шерингтік иеленудің және зияткерлік меншікті иеленудің бірлескен  жаңа мүмкіндіктерімен (Creative Commons (CC), General Public License (GPL) GNU лицензиялары) [2] көрініс берді. Осы қатардан краудсорсинг және краудфандинг құбылыстары ерекше орын алады. Олар ғалымдардың ерікті негізде адамдарды, жобаларды, өндірісті, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету, тарату және тұтыну үдерістеріне тарту туралы ұғымын түбегейлі өзгертті [3]. Экономика экономиканың жаңа типінің ерекше нышандарына ие бола бастады: on-demand economy, бірлесіп тұтыну экономикасы (sharing economy), ынтымақтасу экономикасы, викиномика (wikinomica) [4, с. 104], жоғары технологиялық тарту экономикасы (the hi-tech gift economy).

Published

2023-01-30

How to Cite

Көлбаев Нұрболат Шағыманұлы. (2023). Электрондық кітапхана: тұжырымдамалық негіз. Research Retrieval and Academic Letters, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/717