АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ: АДАМДЫ СҮЮ

Authors

  • Анар Салқынбай филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

Abstract

Жалғамалылық табиғатына сай, түбірі өзгеріске аз ұшырағандықтан, түркі түбірлері өзінің қалпы мен мағыналық құрылымын өзге тілдермен салыстырғанда анағұрлым жақсы және анық сақтаған. Сондықтан да болар, тілде сақталған әр түбірде мұрағаттық сипат бар. Тек оны ашудың тәсілі мен амалын таба білуге білім мен білік қажет. Сөз тарихы Сізді мыңдаған жылдар тарихына үнсіз жетелейді, сөз болмысын тану ұлт болмысын танудың тылсымына әкеледі. Тек жетекке еруге білім мен төзім болса жеткілікті. Тілде адамның ішкі сезім дүниесі, іңкәрлігі, жалпы болмысы жатыр. Ал оның ар жағында халықтық дүниетаным жатады. Сонда бір өлең арқылы алдымен сөзбен, сөз тіркестерімен берілетін ой желісімен танысамы. Сөз мағынасы арқылы оның тарихын барлаймыз. Сөз арқылы ақынның немесе жеке адамның тұлғасын, ішкі жан дүниесі мен болмысын, жүрек сезімінің куәсі боламыз да, осының негізінде ақынның артында тұрған ұлттың, елдің, халықтың бейнесін көріп, дүниетанымымен табысамыз. Сөз құдіретіне бас иген, бір ауыз сөзбен ердің құнын шешкен бабалар неткен көреген еді, десеңші!

Published

2023-01-30

How to Cite

Анар Салқынбай. (2023). АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ: АДАМДЫ СҮЮ. Research Retrieval and Academic Letters, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/741