БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Authors

  • М.Т. Велямов б.ғ.д., профессор, академик АСХН ҚР, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
  • А.С. Чамен 1-курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан

Keywords:

биология, табиғатты қорғау, қоршаған орта, су, топырақ, ауа, өсімдік, жануарлар

Abstract

Бұл мақалада биологияны оқытуда білім алушылардың бастауыш сыныптан бастап, жоғарғы сынып оқушылар арасындағы табиғатты қорғау іс-әрекеттерін ұйымдастыру іс-шаралары қарастырылған.

Адамзатты қоршаған табиғи орта (су, топырақ, ауа, өсімдік, жануарлар) биосфераның жай құрам бөліктері емес, олар бір - біріне тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйе. Табиғатты сүюге, қорғауға, қоршаған ортаны қорғайтын санамызда салауатты адамзаттар тәрбиелеуге бүкіл оқу тәрбие мекемелері, саяси ұйымдар, ғылыми орталықтар, оқу орындары, сондай - ақ әрбір жеке адамдардың біртұтас жұмыла атсалысуы өмір талабына айналады. Себебі адамдар тарапынан болған зиянды әрекет әлі де жалғасып, табиғи орта көркемдігі бүлінуде. Табиғатпен мәдени қарым - қатынасты қалыптастыру, адам экологиясы мәдинетін дамытуға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар қашан да дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім - тәрбие ісі шараларына жол салып келеді. Жалпы қазақ қаламгерлері өз туындылары арқылы сай - сүйекті сырқататын табиғи апаттардан қалай құтыламыз, ертеңгі күнге не қалдырамыз деген мәселелерді шешуді ғана алға тартпай, оның жолы ең алдымен, адам биологиясын дұрыстауды, туған өлке табиғатына жан- ашыр ұрпақ тәрбиелеуді жедел қолға алуды үндейді.

Published

2023-01-30

How to Cite

М.Т. Велямов, & А.С. Чамен. (2023). БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. Research Retrieval and Academic Letters, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/746