ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАН – ТҮРКІТАНУШЫ ҒАЛЫМ
Keywords:
Орталық Азия, Түркістан, тарих, шығыстану, түркітану, ориенталистикаAbstract
Еіріспе. Зәки Уәлиди Тоғанның қалдырған ғылыми мұрасын зерттеу, түркітану саласындағы көптеген мәселерді, әсіресе түркі халықтарының азаттық күресі мәселелерін дұрыс бағалауға өз септігін тигізеді. Сонымен бірге түркі халықтары тарихының қазіргі заман тарихының деректік негізін байыта түседі. Бұл өз кезегінде мәселенің өзекті екенін аңғартады. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – башқұрт және татар халықтарының тарихы мен этнографиясымен қатар Зәки Уәлиди Тоған Орталық Азия халықтарын – қазақтарды, өзбектер мен қырғыздарды зерттеуге көп көңіл бөлгендігін айқындау, тұлғаның түрік халықтарының, олардың арасында ауылы аралас жатқан көршілес – қазақ пен қырғыздың да ортақ тарихы мәселелерін қай деңгейде көтергенін анықтау. Нәтижелер. Зәки Уәлиди Тоған ақырғы демі біткенше түбі бір, тілі мен жүрегі де бір түрік халықтарына, түркітану ғылымына адал қызмет етіп, түрік халықтарының азаттығы мен бостандығы идеясын назардан бір сәт те тыс қалдырмағаны айқындалды. Ғұлама ғалымның еңбектерін қазақ, қырғыз тілдеріне аударып, көпшілік назарына ұсыну мәселесі – заман талабы екені анықталды. Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс. Себебі, оның мұралары түркі халықтарының ерте ортағасырлық дәуірінен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңінен мол мағлұмат береді.