ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУ КОНЦЕПЦИЯСЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕР БАСТЫ ФАКТОРЛАР
Keywords:
қоғамдық көлік, кісптік даярлау, жолаушылар тасымалы, автобус жүргізушісіAbstract
Адами фактор. Отандық ірі және облыс орталықтарында беделді жұмыс тауып, мамандық алуға, сонымен бірге қоғамдық көлік саласын таңдау арқылы әлеуметтік тұрақтылық пен жеңілдіктің кепілдігін орнату. Осылайша, D санатындағы құқықтарды алуға және автобус жүргізушісі болуға оқытудан өтуді ұйымдастыру керек. Ол үшін қалалық әкімдік жергілікті бюджет есебінен оқу кезінде стипендияға кепілдік беріп және ыңғайлы жұмыс кестесін ұсынуы қажет.
Корпоративтік курстарда оқыту арқылы кәсіби және жеке оқытуға көп көңіл бөлінуі тиіс.
Жас мамандардың (35 жасқа дейін) кәсіби өсуі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында "Алматыэлектротранс" оларды оқытуға және кәсіби даярлау деңгейін арттыруға толық жәрдемдесуі қажет.
Негізі корпоративтік оқыту жүйесі мынадай шарттарды көздейді:
Мамандықтарға тегін оқыту: автобус жүргізушісі, электробус жүргізушісі. Оқу кезеңіне стипендия төлеу. Кәсіпорын есебінен қызметкерлердің балаларын ЖОО-да оқыту (мақсатты оқыту).