Географияны оқытуда далалық зерттеу әдістерін қолданудың маңызы
Keywords:
далалық зерттеу әдістері, география, танымдылық белсенділік.Abstract
Қазіргі таңда оқушылардың бойынан білік, дағды, іскерлік қабілеттерін дамыту білім беру жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешудің мүмкін жолдарының бірі практикаға бағдарланған оқыту жүйесі. Практикаға бағдарланған оқыту жүйесінің негізі далалық зерттеу жұмыстары болып саналады. Далалық жұмыстарды орындау арқылы білім алушылар адамның іс-әрекеті мен физикалық қоршаған орта арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндіктері ашылады. Бірақ қазіргі таңда география сабағында түгелдей дерлік далалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі деп айта алмаймыз. Сондықтан, бұл жұмыстың мақсаты география сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда далалық зерттеу әдістерін қолданудың маңызын көрсету болып табылады.
Бұл зерттеу әдістемесінің артықшылы оқулықтардан алынған ақпарат пен жердегі ақпаратты салыстыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға оқулықтардағы теориямен ғана шектелмей , жергілікті мысалдарды тікелей далада алуға көмектеседі. Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: диаграмма, профиль, график. Далалық жұмыстар сонымен қатар оқушылардың бойынан географиялық дағды қасиетін дамытады, мысалы: бақылау жүргізі, жазу, үлгі, сынама алу, картамен жұмыс және сызба жұмыстары тағы басқа.