ОЙЫН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ПДТ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Authors

  • Жунускулова Мейрамгул Болатовна «Кемертоған орта мектебі», бастауыш сынып мұғалімі, Қарасай ауданы, Алматы облысы
  • Садыкова Жанаргул Рахымбековна «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ, физика пәні мұғалімі, Ақсуат ауданы, Абай облысы
  • Алаубаева Армангуль Кажымухановна К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер
  • Абданова Айнур Серикбаевна К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, Абай облысы, Ақсуат ауданы

Abstract

Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында «Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді» делінген [1].

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді [2].

Published

2023-05-22

How to Cite

Жунускулова Мейрамгул Болатовна, Садыкова Жанаргул Рахымбековна, Алаубаева Армангуль Кажымухановна, & Абданова Айнур Серикбаевна. (2023). ОЙЫН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ПДТ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/1548