Қазақ хор өнерінің қалыптсауы мен даму жолдары
Abstract
Музыка мен әннің табиғаттан тыс пайда болуы туралы қазақ халық аңызы ежелден біздің заманымызға дейін жетті. Аспанда қалықтаған жаратушының сиқырлы әсем әуені көшпенді қазақ жеріне қалықтап түсіп, оны естіген ата-бабаларымыздың бойында музыкаға деген махаббат пен ерекше қабілет қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа дарып келеді деген түсінік халық арасында кеңінен таралып кеткен. XVIII-XIX ғасырлар аралығында шеттен келген жандар халықтың шығармашылық қабілетінің жоғарылығын, музыканың ұшқырлығын атап өтуі кездейсоқ болмаса керек. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен тұрмыс тіршілігінің барлық әсемдігі музыкамен әуенделіп көркем бейнеленіп отырылған. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап алғашқы минутардан соңғы алған деміне дейін ән әрбір өмірде маңызды рөл атқарған