Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері

Authors

  • Мақұмыт Дидар Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, магистрант

Abstract

 

Геометрия сабақтарында міндетті түрде сызба жабдықтары: сызғыш, циркуль және тақта транспортирі болуы тиіс. Онымен қоса сынып қабырғасында планиметрия мен элементар стереометрия фигураларының болуы артық болмайды. Жаратылыстану бағытында тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін үш өлшемді фигуралардың макеттерінің болуы шарт. Күрделі фигуралардың комбинациясына қатысты есептерде баланың зердесі есеп шартындағы фигурада болуы тиіс. Аталмыш геометриялық тақырыптардың игеруде визуализациялық құралдар ерекше көмек береді. Геометриялық білімнің сапасы көбінесе оларды меңгеруде және тәжірибе барысында қолдануға оптимальды педагогикалық жағдайдың құрылуымен, анық емес және қате қалыптасқан білімді дер кезінде түзетумен анықталады. Геометрия – математиканың ерекше саласы, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойын аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан геометрияны оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет [1].

Published

2023-05-22

How to Cite

Мақұмыт Дидар. (2023). Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/1570

Issue

Section

Physical and mathematical sciences