ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ

Authors

  • Рахым Құндыз Ыбырайқызы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

Қазақ билері - ерте заманда соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Билер бір ғана сөзбен-ақ бүкіл у-шуды, дау-дамайды, ел арасындағы соғысты шешіп отырған. Қазақ елінде билердің орны қай кезде де биік болған. Өз әділдігімен танылған, қазақтың атақты билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер қазақ даласында үш жүздің басын қосып, ел тыныштығын сақтаған.

«Өнер алды қызыл тіл» - деген тілі қара тасты қақ жарған ата-бабамыз. Өзінің тілдік шеберлігімен, шешендігімен елді аузына қарата білген Әйтеке, Төле, Қазыбек билердің де басты қаруы осы тіл болған. Сөз өнерінен асқан мықты да, ардақты асыл да өнер жоқ. Себебі дәл осы тіл өнері біздің қанымызда бар. Сондай-ақ осы ұрпақ пен ежелгінің күре тамыры, бабаларымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертетін өнер қазір де бар. Бұл тұрғыда «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаң да – біздің  қазіргі өміріміз деп білемін» - деп атап өткен болатын М.Б. Далоков [1].

Published

2023-05-22

How to Cite

Рахым Құндыз Ыбырайқызы. (2023). ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/1574