ЖАЛҒАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
Abstract
Соңғы кездері жаңа гидротехникалық құрылымдар салу кезінде, оның экономикалық тиімділігімен қатар, қоршаған ортаға әсері, яғни экологиялық ұтымды жақтарына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда, Қазақстан Респубикасындағы бұрыннан су мамандарын даярлайтын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің де ғалым-мамандары өз салаларында инновациялық жаңалықтар енгізуде. Төменде соңғы уақыттары алынған бес өнертабыс туралы айтылады [1-5].
Алғашқы өнертабыстың техникалық жетістігі су энергиясын бәсеңдетудің сенімді әсері, конструкциясының қарапайымдылығы, материал қажеттілігінің аздығы, жұмыс істеу барысының сенімділігі мен оң әсерлігі және құрылымның ұзақ уақыт жұмыс істеу мерзімі, экономикалық жағынан тиімді болуы табылады [1].
Техникалық жетістікке жету, тезағардың шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте бұрын пайдалануда болған подшипникте бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының орнатылуымен іске асырылады.