САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ: МӘДЕНИ ТАЛДАУ

Authors

  • Шуршитбай Майра С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сениор-лекторы. (Өскемен қ., Қазақстан)
  • Бегалы Меруерт «Дінтану-филосфия» мамандығының 3-курс студенті (Қазақстан)

Abstract

Тәрбие ананың құрсағынан басталып-ақ кетеді деген тұжырым бар екендігін білеміз. Қазақ ғалымдарының этнопедагогикалық зерттеулеріне сүйенсек, отбасы тәрбиесі мынадай бағыттар бойынша жүріп жатыр: ана құрсағындағы тәрбие; бесіктегі тәрбие; қыздарды тәрбиелеу; ұлдарды тәрбиелеу; келін тәрбиесі; адам тәрбиелеу.  Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету – анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент 9 ай, 9 күн жататын болғандықтан, бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Бала тәрбиесі оңай шаруа емес. Сонда да ата-анасын, айналасындағы адамдарды құрметтейтін толыққанды, өзін-өзі қамтамасыз ететін тұлға болып өсу керек. 

Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар ұл, қыз тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.»  Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. Балаға ат қою құрмет белгісі ретінде үлкендерге, яғни ата-әжесіне есім таңдау құқығы беріледі. Молда немесе құрметті ақсақал сәбидің құлағына оның атын сыбырлайды, сонымен қатар азан оқиды. Ата-аналар сый-сияпатымен үлкендерге алғыстарын білдіреді.

Published

2023-05-22

How to Cite

Шуршитбай Майра, & Бегалы Меруерт. (2023). САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ: МӘДЕНИ ТАЛДАУ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/1595