Қоршаған ортаны қорғау
Abstract
Алғашқы сөзімді өзімнің ойымнан бастағым келеді. Жүректен шығып, көңілден өткен ойыма бірі келіссе, бірі келіспес. Сондықтан да, бұл менің жеке ойым деп бастағым келеді. Әлемнің негізгі нүктесі адам деп білемін. Қандай нығметтер болса, барлығыда адам игілігі үшін қызмет етуі қажет білемін. Адам болмаса, тіршілікте қандай мән қалар еді? Мен үшін мәнсіз боп көрінері анық. Саналы, рухани азықты талап етер адамзат екені шүбәсіз. Олай болса, тіршілікке мән бітірген адамзатқа барлық игілік нәсіп шығар. Ал адамның қажеттілігін қалай өтейміз? Ол қажеттіліктерді рухани, физикалық тағысын тағы айта беруге болады. Бірақ, осы бір қызықты қараңыз! Қай қажеттіліктің басын шығарсақта, табиғат анамызға барып аяқ тірейді. Табиғат ол біздің қоршаған ортамыз. Осы сәтте, табиғат адамның қызметінде ме, әлде адам табиғатқа тәуелді ме, деген сұрақ та келеді. Осылай сұрақтар бірінен бірі жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ іспетті қапта йды. Бұл да адамның саналы жаратылыс иесі екеніне бір дәлел болар. Саналы болуымыз үшін табиғаттың негізгі күш екенін еске алайық. Осы сәтте жоғарыда айтылған сұрақтар ойға келеді. Осы мәселенің басын аша отырып, қоршаған ортаны не үшін қорғау керек деген тұжырым жасаймын. Себебі, қоршаған ортаны қорғау деп бәрі ұрандатады. Бірақ, мәнісіне үңілу үшін іздену керек, ойлану керек. Осы еңбегімде ойлана отырып, табиғатты қорғаудың сан жолдарын көрсетемін. Табиғатты қорғау үшін қандай да болсын әдісті қолдану меніңше оң әрекет. Себебі, бұл біздің негізгі қайнар көзіміз. Осы орайда, өзімнің табиғатқа деген позициямды көрсетемін. Себебі, бұл өте маңызды. Сол кезде менің не үшін дәл осындай тұжырымға келді деу, қиынға соқпайды. Мен еркін адам ретінде, ойымды ашық білдіріп, өзімнің ұсынысымды тастаймын.