БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМҒА БАҒЫТТАУ

Authors

  • Джунусова Раушан Жексенбайқызы Магистр, аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Сексенова Дана Ұзаққызы Магистр, аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Аманбекова Динара Мэлсқызы Магистр, аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Кауынбаева Эльмира Магистр, аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Саимова Рита Ургенчбайқызы Phd, аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ

Abstract

        Білім алушылардың  оқу-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үдерісінің жүйесіне кіреді де, негізінен, зертханалық сабақтарда жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеуге қатыса отырып, білім алушылар алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды.

        Ғылыми әдістемелік әдибиеттерде «зерттеу» ұғымы әрдайым баланың зерттеу тәжірибесінің эмпирикалық жағымен ұштасады және де үнемі жаратылыстану ғылымы аясында бақылау, тәжірибелермен ассоциацияланады.

       Зерттеулік оқыту жағдайында «зерттеу» ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелі болатыны сөзсіз. Білім алушыларға арнайы білім беру, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қатысты білік пен дағдыны қалыптастыру проблемасы әдістеме ғылымына жүктеледі. Осыған байланысты кейбір аспектілер жеке пәндерді оқыту әдістемесінде қарастылырған. Биология пәндері бойынша көптеген тәжірибелер мен бақылауларды өткізу әдістемелері өңделген. Бұл білім алушылар  үшін өте құнды екені рас, бірақ зерттеулік ізденіс дағдылары, білік, арнайы білім мұнымен ғана шектелмейді.

Published

2024-04-01

How to Cite

Джунусова Раушан Жексенбайқызы, Сексенова Дана Ұзаққызы, Аманбекова Динара Мэлсқызы, Кауынбаева Эльмира, & Саимова Рита Ургенчбайқызы. (2024). БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМҒА БАҒЫТТАУ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/3215