Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік басқаруды жетілдіру: экономикалық талдау және даму болашағы

Authors

  • Атабаева Мәлике Дарханқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты

Keywords:

агроөнеркәсіптік кешен, мемлекеттік басқару, қаржылық тұрақтылық, ауыл шаруашылығы, еңбек ресурстары, мемлекеттік қолдау, аграрлық сектор, тиімділік, стратегиялық басқару, агроөнеркәсіптік саясат, экономикалық даму

Abstract

Бұл мақалада агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқарудың негізгі тетіктері мен оны оңтайландыру жолдары қарастырылады. Қызылорда облысы мысалында агроөнеркәсіптік кешеннің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру мәселелері талданады. Зерттеу барысында ауыл шаруашылығын басқарудағы заманауи әдістер, соның ішінде мемлекеттік қолдау тетіктері, аграрлық секторды дамытудағы ұйымдастырушылық және экономикалық факторлар қарастырылды. Жүргізілген талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері анықталып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын жақсарту мақсатында әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағыттар ұсынылды. Агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бұл зерттеу аграрлық секторды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу қажеттігін көрсетеді.

Published

2025-02-10

How to Cite

Атабаева Мәлике Дарханқызы. (2025). Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік басқаруды жетілдіру: экономикалық талдау және даму болашағы. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/5241