Тарих сабағында «Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы» тақырыбында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану
Keywords:
Тарих, педагогика, оқыту, инновациялық әдістер, саяси және мәдени қарым-қатынас, білім, геосаясатAbstract
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар қазіргі әлемдік геосаясатта үлкен маңызға ие. Бұл мақалада Қазақстан мен Түркияның тарихи байланыстары мен қазіргі замандағы саяси және мәдени қатынастарын зерттеу мақсатында инновациялық оқыту әдістері қолданылды. Оқушылардың тарихи материалды терең меңгеруін қамтамасыз ету үшін ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар, топтық жұмыс, ақпараттық технологиялар мен интерактивті әдістер қолданылды. Мақалада осы әдістердің тиімділігі мен тәжірибелік нәтижелері қарастырылған.
Бұл мақалада Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер қарастырылған. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың тарихи білімдерін тереңдету үшін дәстүрлі оқыту тәсілдерінен бөлек, жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді пайдалану маңызды. Қазақстан мен Түркияның тарихи байланыстарының терең маңызын ашу мақсатында сабақтарда мультимедиялық құралдар, рөлдік ойындар, топтық жобалар мен дебаттар секілді инновациялық әдістер қолданылды. Бұл әдістер оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мақалада осы әдістердің тиімділігі, олардың сабақ барысында қолданылуы және тарихи білімді меңгерудегі маңыздылығы талқыланады.
XVII XVIII ғғ соңы Осман империясы мұрағатының құжаттары негізінде ашылған қазақ–түрік қарым-қатынасына арналған баяндама. Автордың басты мақсаты Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар тарихына жаңаша көзқарас тудырып және оларға сырттан идеологиялық ықпал етуге мүмкіндік беретін архив құжаттарына талдау жасауы. Түркия, Ресей, Қазақстан елдерінің мұрағат құжаттарындағы қазақ-түрік қарым- қатынасына арналған маңызды деректерге талдау жасалған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.