Сәндік-қолданбалы өнер

Authors

  • Сарсенбаев Бауржан Тансыкович Бейнелеу өнері пәні мұғалімі, Қазақстан республикасы, Түркістан облысының білім басқармасының, "Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған, "Өнер" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Abstract

         Ұлттық құндылықты білмей, қандай ұлт екеніңді білудің өзі қиын. Біздің ел болып ерекшеленітініміз – дәстүр мен тілімізде. Себебі өткенді білмей, болашақ құру мүмкін емес. Өзіңді білмей, өзгені тану да мүмкін емес.  Осы қағиданы орындауда ұстаз ретінде оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәдени мұраны зерттеуге кірістім.  Зерттеу барысында қазақ халқының қолөнерінде ерекше орын  алған, ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан дәстүрлі өнер түрлерінің бірі - ағаш ою өнеріне ден қойдым. Бұл, ағашты қолмен немесе арнайы құралдармен өңдеп, түрлі өрнектер, бейнелер, жазулар, сәндік элементтер жасау өнері еді. Ағаш оюдың қазақ мәдениетіндегі орны ерекше.

Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған бұйымдар кеңінен қолданылған. Сандықтар, асадал, кебеже, бесік, ер-тоқым, ағаш тостаған (астау), қасық, ожау, есік-терезелер ағаш оюымен сәнделген.

Published

2025-02-10

How to Cite

Сарсенбаев Бауржан Тансыкович. (2025). Сәндік-қолданбалы өнер. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/5263