Цифрлық инновациялардың маркетингтік стратегиялары
Keywords:
цифрлық жарнама, интернет бизнесі, цифрлық маркетинг, шағын және орта бизнес, тұтынушы тарту коэффициенті, маркетингтік инвестиция қайтарымдылығы, цифрлық қатысу индексі, пандемия әсері, трансформацияAbstract
Бұл мақалада цифрлық жарнаманың интернеттегі бизнестің дамуына әсері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, цифрлық маркетингтің тиімділігі, оның шағын және орта бизнеске тигізер ықпалы, сонымен қатар жаңа әдістемелік өлшем бірліктер ұсынылады. Мақалада Chaimae Boubnane, Jung және Shegai, Nimgharen сияқты шетелдік зерттеушілердің, сондай-ақ Қожахметова Т., Кішібекова Ғ.К., Тұрсынова М.А., Оразалинова Ә.А. секілді қазақстандық ғалымдардың пікірлері қарастырылып, нақты мысалдар келтірілген. Зерттеу нәтижесінде цифрлық қатысу индексі (ЦҚИ), тұтынушы тарту коэффициенті (ТТК), маркетингтік инвестиция қайтарымдылығы (МИҚ) сынды жаңа ғылыми өлшемдер ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы цифрлық жарнама нарығының даму динамикасы мен ерекшеліктері талданып, COVID-19 пандемиясынан кейінгі трансформация үрдісі сипатталады. Бұл мақала цифрлық жарнаманың бизнестегі орнын бағалауға және болашақ зерттеулерге әдістемелік негіз ұсынуға бағытталған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.