АЛТЫН ЕМЕЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Authors

  • Еркинбекова Акмолдир Жаксылыкбаевна химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ
  • Андосова Меруерт Талгатовна жас зерттеуші, 11 в сынып оқушысы, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ

Keywords:

табиғи парк, топырақ, гумус, азот, фосфор, калий, ауыр металдар

Abstract

Алтын Емел топырағындағы қарашірік мөлшерінің қазіргі градациялары бойынша қарашірік, азот мөлшері төменге жатады. Жоғарғы қабаттан төменгіге дейінгі қазба шұңқырлардың барлық кескіні бойынша жылжымалы фосфор мөлшерінің деңгейі төменнен өте төменге дейін ауытқиды. Жоғарғы қабаттарда жылжымалы калий мөлшері өте жоғары, топырақтың төменгі қабатына қарай азаяды Алтын Емел топырағы шкала бойынша әлсіз қышқылды, әлсіз сілтілі және сілтілі топыраққа жатады. Сіңіргіш кешеннің кальциймен қанығуы өсімдіктерге қолайлы, топырақтың бейтарап реакциясына жақын болуын қамтамасыз етеді, оның сіңіргіш кешенін бұзылудан сақтайды, топырақтың агрегатталуына және ондағы гумустың бекітілуіне ықпал етеді. Алтын Емел топырағы Ө.Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының картасы бойынша сұр-қоңыр шөлейт қарапайым сортаңданған сор топыраққа (СБпсн) жатады. Алтын Емел топырағындағы ауыр металдардың жалпы және жылжымалы формаларының мөлшері бойынша талдамалық деректер қолайлы концентрацияларда екенін көрсетті . 2 қазба-шұңқырдың төменгі қабаттарындағы мырыш мөлшерінің кейбір шамалы ұлғаюын топырақтүзетін жыныстардың құрамымен түсіндірген жөн

Published

2025-09-07

How to Cite

Еркинбекова Акмолдир Жаксылыкбаевна, & Андосова Меруерт Талгатовна. (2025). АЛТЫН ЕМЕЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (11). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/6745