АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Authors

  • А.Е.Әбілқасымова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Н.Умиралханов Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінде білім мазмұнының үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету – педагогиканың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындары арасындағы байланыс білім сапасын арттырудың шешуші тетігіне айналып отыр. Бұл мәселе «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуда ерекше маңызға ие, себебі аталған пән оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлауын қалыптастырып қана қоймай, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығының теориялық және әдістемелік негізін қалайды.

Сабақтастық ұғымы педагогика ғылымында білім мазмұнының, оқыту әдістерінің және танымдық әрекеттердің бірізді, жүйелі дамуын білдіретін дидактикалық принцип ретінде қарастырылады. Бұл принцип білім беру деңгейлері арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, білім алушылардың жаңа білімді тиімді меңгеруіне жағдай жасайды. А.Е.Әбілқасымова (2020) математикалық білім беруді жаңғырту жағдайында сабақтастықты қамтамасыз ету білім мазмұнын жүйелеу, оқыту әдістерін жетілдіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы жүзеге асырылатынын атап көрсетеді.

Сонымен қатар, қазіргі цифрлық трансформация жағдайында білім беру жүйесі жаңа талаптарға бейімделуді қажет етеді. А.Е.Әбілқасымова, Д.Ж.Ахмед-Заки және Н.Жұмабай (2024) SMART технологияларды қолданудың білім сапасын арттырудағы тиімділігін негіздесе, А.Л.Семенов, А.Е.Әбілқасымова және С.А.Поликарпов (2023) математикалық білім берудің мазмұны цифрлық қоғам талаптарына сәйкес қайта қарастырылуы тиіс екенін көрсетеді. Бұл зерттеулер сабақтастық мәселесінің тек мазмұндық емес, сонымен қатар технологиялық және әдістемелік аспектілерін қамтитынын дәлелдейді.

Published

2026-07-19

How to Cite

А.Е.Әбілқасымова, & А.Н.Умиралханов. (2026). АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/9059

Issue

Section

Physical and mathematical sciences