ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Authors

  • С. Нуркасымова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • A. Аннасова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Keywords:

жасанды интеллект, танымдық белсенділік, физика пәні, дербестендіру, кері байланыс, оқыту әдістемесі

Abstract

Мақалада физика пәнінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланудың оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы орны теориялық-әдістемелік тұрғыдан талданады. Зерттеудің мақсаты – ЖИ мүмкіндіктерінің танымдық белсенділікке әсер ету тетіктерін анықтау және оларды физика сабағында жауапты пайдалану шарттарын негіздеу. Мақалада танымдық белсенділіктің педагогикалық-психологиялық мәні, физикаға қызығушылықты қалыптастыру ерекшеліктері, ЖИ-дің дидактикалық мүмкіндіктері, оқытуды даралау және кері байланыс ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Жұмыстың практикалық маңызы – ЖИ-ді физика сабағында танымдық әрекетті күшейтуге бағыттау үшін мұғалімге арналған әдістемелік бағдар беру. Мақалада ЖИ-дің артықшылықтары мен шектеулері қатар қарастырылып, оны физика сабағында жауапты пайдалану шарттары ұсынылады. Зерттеу теориялық-әдістемелік талдау түрінде жазылған, сондықтан ұсынылған тұжырымдар эмпирикалық дәлелдеуді қажет етеді.

Published

2026-11-01

How to Cite

С. Нуркасымова, & A. Аннасова. (2026). ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (15). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/THIR/article/view/9512