ӘЛЕМДІК ҮРДІС АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ЖОЮ
Keywords:
Адам құқықтары, БҰҰ, Конвенция, гуманизм, өлім жазасы, мемлекет, пактAbstract
Бұл мақалада алам құқықтарын қорғаудағы ең маңызды мәселесі, адам құқықтарының ең үлкен бұзушылығы – адам өмірінен айыру (өлім жазасы) туралы ақпарат келтіріліп, статистикалық мәліметтер, динамикасы көрсетілген. Өлім жазасы – өте қатал, адамгершілікке жатпайтын және қорлайтын жаза ретінде қарастырылды. Әлемдегі өлім жазасы мәселесі және әр түрлі жылдардағы динамикасы көрсетілді. Өлім жазасын жоюдың себептері келтірілді. Өлім жазасы мәселесі бойынша оң қадамдар және жазаны жойған мемлекеттер қарастырылды. Қазақстандағы өлім жазасы жағдайы. Өлім жазасы мәселесіне байланысты БҰҰ орны. Жалпы, зерттеу жұмысында өлім жазасы адам құқықтарын, атап айтқанда өмір сүру құқығын және азаптауға немесе адамның басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын істер мен жазаларға ұшырамау құқығын бұзатындығы туралы және осы жазаны жою жөніндегі қадамдар көрсетілді.