САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТАНУ: ӘЛЕМ КОНТЕКСТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Keywords:
адам құқығы, әйел құқығы, Әйелдер құқығы жөніндегі Конвенция,, Гендер, теңдік, гендерлік саясат, әйелдер, ҚазақстанAbstract
Мақалада гендерлік теңдік ұғымы қамтылған және әйелдерге қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары бойынша Қазақстандағы қазіргі заманғы гендерлік саясатқа шолу берілген, гендерлік теңдік рейтингінің деректері, әлемдік және республикалық деңгейде Парламенттегі әйелдердің үлесін талдау келтірілген. ҚР-дағы гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары белгіленді. Гендерлік теңдік әйелдердің елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғамдық-саяси саладағы гендерлік теңдік мәселесі мұқият сипатталған. Сонымен қатар бұл мақалада Адам құқықтары өмір сүру және бостандық құқығы, құлдықтан және азаптаудан азаттық, пікір және пікір бостандығы, еңбек ету және білім алу құқығы және басқа да көптеген құқықтарды қамтитындығы және ол құқықтарды барлық адамдар ешқандай кемсітусіз пайдалануы керек екендігі айтылды.