Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау және кәсіби бағдарлау мәселелері
Abstract
Бүгінде бізді қоршаған әлем бұрынғыдан да өзгермелі және қарқындай дамуы, ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өсуінің жағдайында мамандық әлемі оның барлық экономикалық, әлеуметтік, тіпті саяси өзгерістерін көрсетеді, ал оның жеке тұлғаға қоятын сұраныстары үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай, жастарды болашақ мамандыққа кәсіби бағдарлау жұмыстары, осы мәселе төңірегінде жастардың білім дәрежесі мен ой-өрісінің кеңдігіне, кәсіптік іскерлігіне деген талап деңгейін жоғары сатыға көтеріп отыр.
Біздің қоғамымызда әр адамның өз өмір жолын шын қалап, көптеген мамандықтар ішінен өзіне оңтайлысын таңдауына мүмкіндігі мол. Кәзіргі жағдайда жасөспірім белсенді, әрекетті болуы керек, еңбек нарығындағы жағдайға тез бейімделе білуі, әр түрлі мамандықтар туралы деректерді талдау білуі және оның тұлғалық қасиеттерінің таңдаған мамандығына қаншалықты сәйкес келетінін шамамен анықтай білуі тиіс. Алайда, іс жүзінде жоғары сынып оқушылары тек өздеріне ғана және ата-аналар мен достардың кәсіби емес көмегіне сүйене алады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының бойындағы қабілеттерін ескермей, өздері таңдаған мамандыққа мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.