ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА ҚАРАТАУ БАССЕЙНІНІҢ ФОСФОРИТ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК-БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРІН РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Authors

  • Тоқтар Мұрат PhD доктор, ғылыми қызметкер
  • Козыбаева Фарида Есенкожановна биология ғылымдарының докторы, профессор, Бас ғылыми қызметкер
  • Бейсеева Гульжан Бейсеевна ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Бас ғылыми қызметкер
  • Сапаров Галымжан Абдуллаевич ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, бөлім меңгерушісі
  • Абзал Асия Абзалқызы инженер-аналитик

Keywords:

топырақгрунтар, тау-кен техникалық рекультивация, биологиялық рекультиация, құмбалшықты жыныс, минерализация, үйінді, тау жынысы, фитомелиоранттар, биокөмір

Abstract

Техногенездің дамуына қарай топырақ жабындысының бүлінуі жүреді, тіптен кей жағдайда елеулі аудандарда толығымен жойылады да жеке аумақтардың экологиялық жағдайын бұзады. Топырақ жабындысының көп мөлшерде бүлінуі қазіргі кезде бүкіл өндірістің 70 %-ын келетін пайдалы қазбаларды ашық, карьерлік әдіспен өндіретін аудандарда болады. Жер қабатын және тау алабын бұза отырып, ашық тау-кен жұмыстары көп мөлшерде ландшафтарды да өзгертеді. Өзінің климаттық жағдайынан ландшафтары өсімдік ресурстары аз кездесетін шөлді және шөлейтті аудандарда ашық тау кен жұмыстарының бүліндіруші әрекетін ерекше атап өту керек. Өсімдік жамылғысынан айрылған кең байтақ аумақтар атмосфераға көміртегі шығарылымының негізгі аймағы болып табылады, оның өзі биосферада ғаламдық өзгерістердің артуына әкеледі. Қазбаланып қалдырылған карьерлер мен өнеркәсіптік қазбаланған үйінділер эрозия үрдістерінің, тұздар мен шаңның қоршаған ландшафтардың алыс шалғай аумақтарына тасымалдану орталығы болып табылады

Published

2024-09-29

How to Cite

Тоқтар Мұрат, Козыбаева Фарида Есенкожановна, Бейсеева Гульжан Бейсеевна, Сапаров Галымжан Абдуллаевич, & Абзал Асия Абзалқызы. (2024). ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА ҚАРАТАУ БАССЕЙНІНІҢ ФОСФОРИТ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК-БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРІН РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ӘЗІРЛЕУ. Research Reviews, (7). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RR/article/view/4269

Issue

Section

Biological Sciences