АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АВТОКӨЛІКТІҢ ТОПЫРАҚҚА, ӨСІМДІККЕ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНА ӘСЕРІ

Authors

  • Абзал А.А. топырақ Экологиясы бөлімінің инженер-экологы
  • Мухатаеа Н.Н. химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер

Keywords:

топырақ, автокөлік, топырақ омыртқасыздары, эклектор, ластану, ауыр металдар

Abstract

Бұл мақалада Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын Алматы қаласының экологиясы мәселелері қарастырылады. Алматыда атмосфералық ауаның, топырақтың, өсімдіктердің ластануының негізгі себептері автомобиль көлігімен ластаушы заттардың шығарындылары болып табылады. Атмосфералық ауаның ластануына байланысты көміртегі оксидінің болуы жиналады, ауадағы азот диоксидінің болуы пайдаланылған газдардың көміртектерімен әрекеттескенде фотохимиялық тұман - түтіннің пайда болуына ықпал етеді. Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылыстарында өтетін автокөліктердің саны туралы деректер, сондай-ақ осы ауданда өсетін өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшері және топырақтың ластануының индикаторы ретінде топырақ зоофаунасының сандық және сапалық құрамын зерттеу деректері келтіріледі. Алматы қаласының зерттеу нысандарынан алған өсімдік үлгілерінде мырыш, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшерлері анықталды. Бұл анықталған ауыр металдардың ішінде мырыш пен қорғасынның мөлшері өте жоғары. Терек өсімдігі жапырағына да, бұтағына да ауыр металдарды көп мөлшерде жинақтайды. Бұлар санитар болып табылады. Себебі жапырағына және бұтағына ауыр металдарды жинақтай отырып, топырақты, қоршаған ортаны тазартады. Микроартроподтар мен мезофауна да топырақтың ластануының индикаторлары болып табылады. Жол маңынан алынған топырақтарда микроартроподтар мүлдем кездеспейді. Ал жол бойынан алыстаған сайын олардың мөлшері де арта түседі. Шұбалшаңдар машина аз жүретін жерлерде және бақылау ретінде алынған ботаника бағында өте көп мөлшерде кездеседі.

Published

2025-01-13

How to Cite

Абзал А.А., & Мухатаеа Н.Н. (2025). АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АВТОКӨЛІКТІҢ ТОПЫРАҚҚА, ӨСІМДІККЕ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНА ӘСЕРІ. Research Reviews, (8). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RR/article/view/5114

Issue

Section

Biological Sciences