ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН САНДЫҚ ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН БОЛАШАҚ БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДА ПАЙДАЛАНУ
Abstract
Қазіргі уақытта дамып келе жатқан цифрландыру біздің күнделікті өміріміздің айқын элементі болып табылады, өйткені біз байланыс, ақпарат алу, жұмыс істеу және т.б. үшін цифрлық техника мен цифрлық құралдарды қолданамыз. Цифрлық әлемде туып-өскен заманауи мектеп оқушылары кіретін Z буыны сандық дағдылардың кең спектріне ие деп саналады. Бірақ өзін-өзі оқшаулау жағдайында оқыту электронды оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану үшін қажетті цифрлық дағдылардың тиісті деңгейі мектеп оқушыларының басым көпшілігінде жоқ екенін көрсетті. Қазіргі әлемнің түрлі қажеттілігі білім алушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін әзірлеуге байланысты мәселелерді өзекті етеді. Осыған байланысты мектеп не істеуі керек деген талаптар қойылады. Оқушылар цифрландыру жағдайында өсуде және кейінірек цифрландыру әлемінде өмір сүріп, жұмыс істейтін болады. Олар өздерінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру және онлайн-орта нормаларын жақсы түсіну үшін қосымша дағдыларды қажет етеді.