Жалпы білім беретін мектепте STEAM технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Abstract
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция жүріп жатыр: ақпараттың жылдам ағыны, жоғары технологиялық инновациялар біздің өміріміздің барлық салаларына ықпалын тігізіп жатыр. Қоғамның сұранысы, жеке тұлғаның мүддесі де өзгеруде.
Робототехника, құрылыс, бағдарламалау, модельдеу, 3D дизайн және басақа да инновациялық жайттарға бүкіл әлемдегі заманауи мектеп оқушылары осыған қызығушылық танытады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін күрделірек дағдылар мен құзыреттер қажет. Біліп ғана қоймай, сонымен бірге зерттеу және ойлап табу маңызды. Бір сөзбен біріктіріп айтсақ , математика, технология және инженерия сияқты негізгі академиялық салаларда бір уақытта даму қажет - бұл дегеніміз STEM тәсілі ( ғылым , технология , инженерия және математика ).