Тарих сабағында қазақ хандарының әлеуметтік-саяси реформаларын оқытуда қолданылатын жаңа әдістері

Authors

  • Б.А. Енсебаева Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан
  • Б.Н. Абдрахманов Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан

Keywords:

Қазақ хандары, әлеуметтік-саяси реформалар, тарих сабағы, жаңа әдісте, оқытудың тиімділігі, сыни ойлау, тарихи сана

Abstract

Бұл мақалада тарих сабағында Қазақ хандығы кезеңіндегі хандардың әлеуметтік-саяси реформаларын оқыту барысында қолданылатын заманауи педагогикалық әдістер қарастырылады. Қазақ хандары жүргізген реформалар – ел басқару жүйесін жетілдіру, ру-тайпалар арасындағы бірлікті нығайту, құқықтық тәртіп орнату және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған тарихи маңызды өзгерістер. Мақалада оқушылардың тарихи танымын арттыру мақсатында жаңа тәсілдер: цифрлық технологиялар, тарихи симуляциялар, кейс-стади, уақыт сызығы, инфографика және проблемалық оқыту әдістерінің тиімділігі талданады.

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының сыни ойлауын, тарихи пайымдауын дамыту өзекті мәселе. Осы тұрғыда, Қазақ хандарының реформаларын заманауи әдістер арқылы оқыту – тарихты жаңаша түсінуге жол ашады және тарихи сана қалыптастыруға ықпал етеді.

 Тарих сабағында Қазақ хандарының әлеуметтік-саяси реформаларын оқытуда жаңа әдістердің мазмұнын ашу және олардың оқушы жетістігіне әсерін негіздеу.

Жаңа оқыту әдістері оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарихи білімдерін өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Published

2025-08-11

How to Cite

Б.А. Енсебаева, & Б.Н. Абдрахманов. (2025). Тарих сабағында қазақ хандарының әлеуметтік-саяси реформаларын оқытуда қолданылатын жаңа әдістері. Research Reviews, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RR/article/view/6667

Issue

Section

Historical Sciences