Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Keywords:
Адамгершілік қасиеттер, қазақ халық ертегілері, ұлттық тәрбие, педагогикалық әлеует, рухани құндылықтар, оқушы дүниетанымы, әдістемелік ұсынымдарAbstract
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесінің теориялық негіздері мен оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты қарастырылған. Қазіргі жаһандану дәуірінде өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, оларды ізгілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа және үлкенді сыйлауға баулу – педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Авторлар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын ұсынады.
Зерттеу барысында қазақ халық ертегілерінің мазмұнындағы моральдық-этикалық құндылықтардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге, сондай-ақ саналы тәрбие алуға тигізетін әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Сондай-ақ оқу үдерісі мен сыныптан тыс жұмыстарда ертегілерді қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, атап айтқанда, сахналау, талқылау, шығармашылық жұмыстар мен дидактикалық ойындар жүйесі ұсынылған. Мақалада келтірілген тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік ұсынымдар бастауыш сынып мұғалімдеріне, психологтарға және педагогика мамандығының студенттеріне тәжірибеде қолдану үшін аса құнды болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижелері мектеп пен отбасы арасындағы тәрбиелік байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.