2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ЗООПЛАНКТОН ДИНАМИКАСЫ
Keywords:
зоопланктон, таксон, биомасса, сандық көрсеткіш, доминант, қоректілік, трофтық деңгейAbstract
Бұл мақалады 2024 және 2025 жылдардағы Кіші Арал теңізінің 6 балық кәсіпшілік ауданы бойынша зоопланктонның көктемгі және күзгі динамикасы салыстырмалы түрде талданды. 2024 жылы Кіші Арал теңізі зоопланктон құрамынан планктонды организмдердің 35 таксоны анықталды. 2025 жылы ол көрсеткіш 42 түрге дейін артты. Зооплактон әр түрлі дәрежеде омыртқасыздардың төрт түрін құрады. Зерттеу барысында көктемгі және күзгі кезеңдердегі сандық және бомассалық көрсеткіштерде негізгі топтардың үлестері анықталып, коловраткалар, бұтақмұрттылар және ескекаяқтылар топтарының маусымдық ерекшеліктері сипатталды. Екі зерттеу жылында да күзгі мезгілде ескекаяқтылар тобы басым болып, акклиматизант Calanipeda aquaedulcis доминант түрді сақтады. Жалпы биомассаның қоректік көрсеткіші екі жылда да «өте төмен» трофтық деңгеймен сипатталды. Бұл материалды жинау уақытына, ірі көлемді бұтақмұрттылардың даму деңгейінің төмендігімен байланысты болуы мүмкін
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.