Лидар негізіндегі сандық жер бедері моделін пайдалана отырып, ауыл шаруашылық жерлерін машиналық оқыту әдісі арқылы анықтау
Keywords:
LiDAR, сандық жер бедері моделі, машиналық оқыту, ауыл шаруашылық жерлері, Қостанай облысы, жерді қашықтан зондтау, Random Forest, картографиялауAbstract
Бұл зерттеуде Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданының аумағында ауыл шаруашылық жерлерін анықтау мақсатында лидар (LiDAR) деректері негізінде құрылған сандық жер бедері моделі мен машиналық оқыту әдістері пайдаланылды. Зерттеудің негізгі мақсаты — жер бедерінің морфологиялық ерекшеліктері мен биіктік айырмашылықтарын талдау арқылы егістік және жайылым алқаптарын автоматты түрде жіктеу. Бұл үшін LiDAR-нүктелік бұлттары және топырақтың физикалық көрсеткіштері біріктірілді. Машиналық оқыту әдістерінен Random Forest және Support Vector Machine алгоритмдері қолданылып, нәтижелердің дәлдігі салыстырмалы түрде бағаланды. Нәтижесінде лидаралық деректерден алынған рельеф параметрлері (беткей бұрышы, экспозиция, биіктік индексі және ылғал жинақталу моделі) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жоғары дәлдікпен (93–96%) анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері жер ресурстарын тиімді басқаруда, цифрлық картографиялау мен мониторинг жүйелерін жетілдіруде қолдануға ұсынылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.